
Аққұм ауылдық округінде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында 2026 жылғы 17-18 сәуір күндеріне жоспарланған «Таза аула» сенбілік іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараға мекеме қызметкерлері белсенді қатысып, округ аумағында кең көлемде тазалық жұмыстары жүргізілді. Көше бойлары мен қоғамдық орындар қоқыстан тазартылып, аумақтарды абаттандыру жұмыстары қолға алынды.
Аталған сенбілік – қоршаған ортаны таза ұстауға, ауылдың көркеюіне және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған маңызды шаралардың бірі болып табылады.