Аққұм ауыл округі әкімінің халықпен кездесуі өтті

Аққұм ауыл округі әкімінің халықпен кездесуі өтті

Аққұм ауыл округі әкімінің халықпен кездесуі өтті.
Аққұм ауыл округінің әкімі Жанжигитова Нұрсұлу Беделхановна ауыл тұрғындарымен жоспарлы кездесу өткізді. Кездесу барысында ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылым мәселелері, абаттандыру жұмыстары және тұрғындарды толғандырған өзекті сұрақтар талқыланды.
Тұрғындар өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, бірқатар мәселелер бойынша сұрақтар қойды. Әкім барлық сұрақтарға жауап беріп, көтерілген мәселелердің кезең-кезеңімен шешілетінін атап өтті.
Мұндай кездесулер алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.