
Отырар ауданының әскери комиссариатының қызметкерлері Аққұм ауылының тұрғындарымен кездесіп, әскердегі жағдай мен әскери қызметтің тәртібі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында тұрғындардың сұрақтарына жауап беріліп, әскери қызметтің маңызы мен мүмкіндіктері кеңінен айтылды.