🔊ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!

🔊ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!
Күннің ысуына байланысты ауданда шомылу маусымы басталды. Осыған орай, судағы қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында төмендегіні ескертеміз:
Шомылуға тек рұқсат берілген арнайы орындарда ғана шомылу қажет!
Шомылуға тыйым салынған жерлерде суға түсу адам өміріне аса қауіпті, әрі мұндай жағдайларда уәкілетті органдар тарапынан айыппұл салынады.
Баршаңызды өз өмірлеріңіздің және балаларыңыздың қауіпсіздігіне сергек қарап, бақылауды күшейтуге және тәртіпті сақтауға шақырамыз.
Қауіпсіздік – әрбіріміздің ортақ жауапкершілігіміз!
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі