ҰЛЫ ДАЛА ТӨРІНДЕ «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ»!

ҰЛЫ ДАЛА ТӨРІНДЕ «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ»!

Салт-дәстүр мен саз өнері үндескен рухани керуен жолға шықты. Түркі дүниесінің рухани ордасында қасиетті өнердің шырағын маздатқан айтулы жоба – «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі бастау алады.

Биылғы фестиваль ерекше, тың форматта – аудан-қалалар жеребе арқылы жұптасып, сахнада өзара сынға түседі. Өнерлі көштің керуенін алғаш болып 15 мамыр күні сағат 18:00-де «Керуен сарай» кешенінде Ордабасы және Түлкібас аудандары бастайды.

Олар мына жанрлар бойынша бақ сынайды:
•​Ақындар айтысы
​•​Дәстүрлі терме
​•​Ұлт аспаптар ансамблі
​•​Эстрадалық жанр
​•​Би өнері
​•​Вокалды-аспаптық ансамбль
​•​«Ауылдың алты ауызы» (әжелер ансамблі)
​•​ Салт-дәстүр көріністері

Келіңіздер, көріңіздер!