Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен кезекті аппарат жиыны өтті. Кезекті мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, дербес бөлім басшылары, ауыл округтерінің әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша алғашқы сөз кезегінде аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы Маратбек Туреев аудан әкімінің тұрғындармен кездесуінде көтерілген мәселелердің орындалу барысы туралы баяндады. Бөлім басшысы аудан басшысының тұрғындардың ұсыныс-пікірлерінің негізінде түзілген тапсырмаларының ауыл округтеріне бөлінісін және орындалған, орындалмаған бөлігінің жалпы есебін көрсетіп, тапсырмалардың орындалу барысында бірқатар кемшіліктер бар екенін атап өтті.
Айта кетсек, Жамбыл, Ұялыжар, Дихан, Қарақұм ауылдарында көшелерді асфальттау жұмыстары, Ынтымақ, Спатаев, Нұра елді мекендерінде балалар ойын алаңшасын салу жұмыстары, Ынтымақ ауылында, Бадам ауылындағы Орда мөлтек ауданында аялдамалар қою жұмыстары, Темірлан, Сарытоғай, Нұра елді мекендерінде электр бағаналарын ауыстыру мен электр желілерін реттеу, жарықтандыру құралдары орнату жұмыстары, Бадам, Берген ауылдарында жолдарға тас төсеу, реттеу жұмыстары, Ақбұлақ ауылында аяқ жол салу жұмыстары, Бадам ауылы, Керіш каналына механикалық тазалау немесе бетондау жұмыстары, Ордабасы, Кемер ауылдарына табиғи газ жеткізу жұмыстары атқарылған. Біршама өзге тапсырмалар нақты мерзімге жоспарланған.
Келесі кезекте, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Берік Алтынбеков көктемгі дала жұмыстарының орындалу барысы туралы мәлімдеді. Бөлім басшысы баяндамасында биылғы көктемгі дала жұмыстарының, егістік жерлердің қамтылу ауқымының, қандай дақылдарға басымдық беріліп отырғанын, ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы қандай деңгейде екенін, жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселесін толық қамтып өтті.
Өз кезегінде Ішкі саясат бөлімінің басшысы Әділ Ысқақ назардан түспейтін қазіргі қоғамдық саяси ахуал жайлы мәлімдеп, осы тұрғыда ұсынысын жеткізді.
Мәжілісте снымен қатар күн тәртібінен түспейтін, «Таза Қазақстан» акциясы, абоненттерді табиғи газ бен ауыз су жүйесіне қосу, азаматтарды әскеге шақыру жөнінде кеңінінен талқыланып тиісті сала басшыларына тапсырмалар берілді.
Жиын соңында аудан әкімі қаралған мәселелер жөнінде сала орынбасарлары, аппарат қызметкерлері мен ауыл округінің әкімдері және тиісті бөлім басшыларының жұмыстарына біршама қатаң ескертулер жасап, алдағы жұмыс жоспарына нақты міндеттер жүктеп, орындалу барысын жіті бақылауда ұстайтындығын айтты.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі