ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТУДЕ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТУДЕ
Бүгін аудан орталығы Темірлан елді мекеніндегі орталық спорт алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ауданымыздың құрметті азаматты Абасов Бегалы Дәулетұлын еске алуға арналған халықаралық дәрежедегі дәстүрлі 6-шы турнир өтуде.
Турнирге Түркістан облысына қарасты барлық қалалар мен аудандардан және көршілес Өзбекстан елінен келген спорт ұжымдары қатысуда.
Жарыстың ашылу рәсіміне аудан әкімі Азат Оралбаев арнайы барып, ұйымдастырушылар мен додаға қатысушыларды бүгінгі Жеңістің 80 жылдық мерекесімен құттықтап, спортшы жас өрендерге сәттілік тіледі.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі