Сіздерді 9 мамыр - Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Жеңіс күні-батылдық пен қаһармандықтың, халқымыздың бірлігі мен ерлігінің, беріктігі мен қайсар рухының мерекесі.
«Ер басына күн туып, етігімен қан кешкен, ат басына күн туып, ауыздығымен су ішкен» сұрапыл жылдардағы батыр бабаларымыздың өлшеусіз ерліктері ешқашан ұмытылмайды.
Ерліктің ерен үлгісін танытып, бүгінгі бейбіт күн үшін от кешкен майдангерлерімізді әрдайым ардақтап, болашақ ұрпақ алдында әрқашан мақтан етеміз.
Біздің туған жерімізден сұрапыл соғысқа сан мың жауынгер аттанды. Ал сұм соғыстан аман–есен елге оралған майдангерлер, бейбіт өмірге араласып, ауданымыздың дамуы үшін үлкен үлестерін қосты.
Біз ерліктері тарих бетіне алтын әріппен жазылған ардақты ардагерлеріміздің өнегелі өмір жолын үлгі етеміз. Бұл жеңіс халқымыздың қажымас қайратының, батыр бабаларымыздың ерлігі мен еңбегінің жемісі.
Құрметті аудан тұрғындары!
Ордабасы өңірінен майдан шебіне аттанып, ел қорғаған батыр бабаларымыздың, ардақты майдангерлеріміздің өшпес ерлігі біздің мәңгі есімізде сақталады.
Жеңіс күнін жақындатуға атсалысқан майдангерлер мен тыл ардагерлеріне құрметіміз шексіз.
Тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы, еліміздің өркендеуі осынау ерлік рухымыздың елдік бірлігіміздің жемісі.
Ерлік рухын асқақтатқан қастерлі де қасиетті мереке - Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!
Бейбіт өміріміз бен Еркіндігіміз мәңгі болсын!
Аспанымыз ашық болсын!
Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге береке мен бірлік тілеймін!
Құрметпен
Ордабасы ауданының әкімі
Азат ОРАЛБАЕВ