
Салтанатты іс-шара зиялы қауым өкілдері, тыл ардагерлері, әскери қызметкерлер мен жастардың қатысуымен ауданның Орталық саябағында басталып, «Самұрық» аллеясында жалғасын тапты. Аллея алаңында аудандық әскери қызметкерлер сап құрып, аудандық әскери комиссариат басшысы Ташпулатов Бақдәулет рапорт берді.
Мерекелік шара одан әрі аудандық Мәдениет үйіндегі Жеңістің 80 жылдығына арналған арнайы концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.