Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У!

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У!
Құрметті Қажымұқан ауыл округіне қарасты Темірлан, Ынталы, Амангелді, Көктөбе, Қажымұқан, Боралдай және Қызылсеңгір елді мекендерінің тұрғындары!
«QazaqGaz Aimaq» АҚ Түркістан өндірістік филиалының 2025 жылғы 6 мамырдағы №333-3314-1132 хатына сәйкес, 2025-2026 жылдардың күзгі-қысқы маусымына дайындық аясында жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Осыған байланысты:
✔️2025 жылғы 19 мамыр сағат 09:00-ден бастап 21 мамыр аралығында табиғи газ беру уақытша тоқтатылады.
✔️2025 жылғы 22 мамырдан 28 мамыр аралығында газ беру кезең-кезеңімен қалпына келтіріледі.
Бұл жұмыстар жоғарыда аталған елді мекендерді қамтиды.
Тұрғындардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, алдын ала қажетті шараларды қабылдауларыңызды сұраймыз!