БӨГЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

БӨГЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ
Қазақстан Республикасының «жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 және 37 бабына сәйкес аудан әкімінің №117-інші өкімімен, Ордабасы аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 4 мамырдағы №18 шешімімен Бөген ауылы округінің әкімі лауазымына сайланған Сәдуақас Дайырбек Базарбайұлы 5 мамырдан бастап Бөген ауылдық округінің әкімі қызметіне тағайындалды.
Жаңадан сайланған ауыл әкімін аудан әкімі Азат Оралбаев әкім аппаратына таныстырып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, аудан әкімі жаңа басшыға ауылдық округтегі ауыл шаруашылық, кәсіпкерлік саласына басымдық беріп, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуді тапсырды.
Сәдуақас Дайырбек Базарбайұлы 1981 жылдың 16 тамызында Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Бөген ауылында дүниеге келген. 1998 жылы Бөген ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепті аяқтаған. 1998-2002 жылдары Шымкент қаласындағы Қазақ гуманитарлық Заң университетінің «Заңтану» мамандығы бойынша жоғары білім алған.
Еңбек жолын 2002 жылы "Забира" өңдірістік кооперативінде бастап, осы уақытқа дейін аталған мекемеде қызмет атқарып келеді. 2014 жылдың 20 ақпанынан 31 қазанына дейін " Ырыс" микроқаржы ұйымына менеджер болып жұмыс істеген. 2017-2018 жылдары "Нұр - Агро 73" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде заңгердің көмекшісі қызметін атқарған. Отбасылы, 4 қыз,2 ұлдың әкесі.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі