Сессия жұмысына аудан әкімі Азат Оралбаев, аудан әкімінің орынбасары Олжас Болатханұлы, аудан әкімдігінің аппарат басшысы, бөлім басшылары мен орынбасарлары қатысты.

Ордабасы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №25/1 «2025–2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
(Хабарламашы: аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Сихымбаева)

Ордабасы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 2 қарашадағы №8/3 «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
(Хабарламашы: аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Талдыбаев)

Аудан әкімдігінің құрамын қайта бекіту туралы.
(Хабарламашы: аудан әкімі аппаратының басшысы Ж.Кадиев)

№18 сайлау округінің депутаты Әлия Мейірбекқызы Абдихадированың депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.
(Хабарламашы: аудандық мәслихат төрағасы Б.Джумабеков)