АУДАНДЫҚ ӨНЕР МЕКТЕБІНЕ 50 ЖЫЛ!

АУДАНДЫҚ ӨНЕР МЕКТЕБІНЕ 50 ЖЫЛ!
Бүгін аудан орталығы Темірлан елді мекеніндегі Шәмші аллеясында Ордабасы аудандық Өнер мектебіне 50 жыл толғанына, дәулескер күйші, композитор Н.Тілендиевтің туғанына 100 жыл және қазақ вальсінің королі Ш.Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл толуына орай аталған өнер мектебі ұжымының ұйымдастыруымен «Бірлік басы – Ордабасы» атты концерті өтті .
Іс-шара сахнадағы композициялық қойылыммен басталып, сахнаға жартығасырлық тарихы бар өнер ордасын мерейтоймен құттықтау үшін аудан әкімі Азат Оралбаев шақырылды.
Аудан басшысы өнер мектебі ұжымын 50 жылдық мерейтоймен құттықтап, «Музыка өнерін дамыту жолындағы еселі еңбектеріңіз үшін зор ризашылығымды білдіремін. Алдағы уақытта да дарынды әрі саналы шәкіртер тәрбиелеп, аянбай қызмет ете бересіздер деп сенемін», деп жүрекжарды тілегін білдірді.
Мерейлі шара ары қарай көлемді әрі әсерлі концерттік бағдарламамен жалғасып, кеш қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі