💼 28 СӘУІР – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ «БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ»

💼 28 СӘУІР – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ «БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ»
Құрметті Ордабасы ауданының тұрғындары!
Әлемдік қауымдастықтың жыл сайын атап өтетін 28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай, Ордабасы аудандық “Мансап орталығы”филиалының ғимаратында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді.
Іс-шараның мақсаты – жұмыссыз азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, сондай-ақ еңбек қатынастарында қауіпсіздік пен заңдылықты насихаттау.
📅 Өтетін күні: 28 сәуір, 2025 жыл
🕰️ Уақыты: 10:00
📍 Өтетін орны: Темірлан а. Қажымұқан-228, 2 қабат (Ордабасы аудандық мансап орталығы)
Жәрмеңкеде түрлі саладағы мекемелер мен ұйымдар тарапынан бос жұмыс орындары ұсынылады. Жұмыс берушілермен тікелей сөйлесіп, жұмысқа орналасуға нақты мүмкіндік аласыз!
Баршаңызды белсенді қатысуға шақырамыз!
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі