Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев кезекті жұмыс сапарымен жауапты сала орынбасарлары және бөлім басшыларымен бірге бірқатар нысандарды аралады.
Бірінші кезекте аудан орталығы Темірландағы көшелерді аралап, назардан түспейтін санитарлық тазалық, абаттандыру шараларының жағдайын бақылады.
Келесі кезекте Шұбарсу ауыл округіне барып, ауыз су жүйесін жүргізудегі олқылықтардың қалыпқа келтірілуін қадағалады. Одан кейін Қалметов көшесіндегі асфальт төсеу жұмыстарын көріп, жолды кеңейту мәселесін пысықтап, бұдан бөлек тас төселіп жатқан өзге көшелерге де бағыт бұрды.
Онан соң осы ауылдағы құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан 600 орындық орта мектепке табан тіреп, құрылыс барысымен танысты.
Сапар барысында аталған жұмыстарды атқарушы мердігерлердің жауапкершілігін бағамдап, кемшін тұстарын атап өтіп, жұмыстарын мерзімінен кешіктірмей, сапалы орындауды талап етті.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі