Мемлекет басшысының ерлікті дәріптеу — ұлттың рухын көтеріп, отансүйгіштік сезімді нығайту бағытындағы бастамалары аясында, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай аудандық әкімдік тарапынан «Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты ауқымды іс-шаралар жоспары бекітілген болатын. Аудандағы барлық салалар атсалысатын осы жоспар аясындағы кейбір шаралар бастау алуда. Соның бірі ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлеріне кезектен тыс медициналық қызмет көрсету.
- Осы ретте аудандық орталық аурухананың тәжірибелі дәрігерлері Бөржар, Жамбыл, Бірлік, Қайнар ауылдарында тұратын тыл ардагерлерінің үйлеріне барып, арнайы медициналық көмек көрсетті.
Шара аясында төмендегідей медициналық қызметтер ұсынылды:

артериялық қан қысымын өлшеу;

электрокардиограмма (ЭКГ) түсіру;

қандағы қант мөлшерін анықтау;

жалпы денсаулық жағдайын тексеру;

офтальмологиялық және неврологиялық тексеру жүргізу.