📊АУДАНДА АҚПАРАТ САЛАСЫ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

📊АУДАНДА АҚПАРАТ САЛАСЫ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ
Бүгін Темірлан ауылындағы Жастар сарайында ақпарат саласының мамандарына арналған семинар өтті. Жиынға ауданға қарасты мекемелердегі әлеуметтік желілерге жауапты мамандар қатысты.
Семинарды Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасына қарасты «Ақпараттық талдау орталығы» ұйымдастырып, күн тәртібінде жалған ақпаратпен күрес, халықпен тиімді байланыс орнату, сапалы әрі тартымды контент дайындау, аудиторияны тарту сынды өзекті тақырыптар кеңінен талқыланды.
Қатысушылар нақты тәжірибелермен бөлісіп, әлеуметтік желілердің жай ғана ақпарат тарату құралы емес, халықпен сенімді қарым-қатынас орнататын маңызды алаң екеніне көз жеткізді.
Ақпарат тасқыны үдей түскен қазіргі уақытта мұндай семинарлар – салалық мамандар үшін тәжірибе алмасуға және кәсіби даму жолында үлкен мүмкіндік береді.
#ордабасы #семинар2025