КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН ЖАСТАРДЫҢ ІСІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ.

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН ЖАСТАРДЫҢ ІСІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ.
Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға комиссия мүшелері, аудандық полиция бөлімі, білім бөлімі, аудандық орталық аурухана және дербес бөлім басшылары мен ауыл округі әкімдері қатысты.
Жиында комиссияның 2024 жылы атқарған жұмыстары мен 2025 жылдың басынан бергі көрсеткіштері сараланып, алдағы уақыттағы жұмыс жоспарлары талқыланды.
Мәжіліске аудан әкімінің орынбасары Ильяс Турнияз төрағалық етті.
Күн тәртібінде:
1. Кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларына 2024 жылмен салыстыра отырып, талдау жүргізу,
2. Кәмелетке толмағандардың арасындағы ерте жүктілік, зорлық-зомбылық, өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын-алу мен оларға медициналық көмектер көрсету және оларды әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу жұмыстарын атқару,
3. Балаларды жалпыға міндетті оқумен қамтамасыз ету (оқудан жалтарған балалрмен профилактикалық жұмыстар жүргізу) мәселелері қаралды.
Келесі кезекте күн тәртібіндегі мәселелер бойынша құқық қорғау органдары мен жауапты бөлімдердің есептері тыңдалды. Комиссия отырысында мәселелерді талқылаумен қатар, тараптардың тиісті ұсыныстары да айтылды.
Жиын төрағасы Ильяс Турнияз жасөспірімдер арасында жасалған қылмыстардың алдын алу мақсатында жаңа әдістер мен жобалар қабылдап, алдын ала профилактикалық жұмыстар жүргізу және аталған шараларға жауапкершілікпен қарап оны жандандыру бағытында бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі