ЖАС МАТЕМАТИКТЕРДІҢ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ

ЖАС МАТЕМАТИКТЕРДІҢ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ
3-4 сынып оқушылары арасындағы республикалық “Алтын сақа” математикалық олимпиадасының облыстық кезеңіне аудандық кезеңнен оза шыққан 10 үздік оқушы қатысып, білім мен ой-ұшқырлықтарын ортаға салды.
Ауданымыздан додаға қатысушылардың 5-еуі 3-сыныптың, ал қалған 5-еуі 4-сынып оқушысы. Білім жарысының қорытынды нәтижесі бойынша 9 оқушы жүлделі орындарға ие болды.
Олимпиядада жоғары нәтиже көрсеткен 3-сынып оқушылары
Асқар Айша (Ш.Уәлиханов ат. мектеп-гимназиясы) мен Пірмахан Әбубәкір (Б.Нұрлыбеков ат. жалпы білім беретін мектебі) I орынды жеңіп алып, республикалық кезеңге жолдама алды. II орынды Асракулов Медет (“Атамекен” жббм) иеленсе, III орынды Файзулла Марлен (Тәукехан ат. жббм) мен Әбілдаева Арайлым (“Болашақ ұрпақ” мектебі) өзара бөлісті.
4-сынып оқушыларды Тұрарбек Нұрдәулет (М.Исламқұлов ат. жббм) үздік нәтиже көрсетіп, I орынды иеленіп, республикалық кезеңге өтті. II орын Қыйсықов Диас (“Атамекен” жббм) пен Зетбек Аянат (“Жусансай” жжбм) оқушыларына бұйырса, III орынды Оңласын Мұқағали (Sea bilim мектебі ЖШС) жеңіп алды.
Ынталандыру грамотасымен “Бақтөре” ЖШС оқушысы Күзембай Аян марапатталды.
Олимпиада жас зияткерлердің математикаға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың білімге деген құштарлығын анық көрсетті.
Алдағы республикалық кезеңде оқушыларға сәттілік тілейміз!
Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі