ЖАС ҰЛАНДАР ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ

ЖАС ҰЛАНДАР ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
Ауданымызда аудандық Қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің ұйымдастыруымен Отан алдындағы қасиетті борышын өтеуге аттанған ордабасылық ұландарды әскерге салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.
Іс-шараға болашақ сарбаздардың ата-аналары мен жақындары қатысып, перзенттеріне ақжолтай тілектерін білдірді.
Салтанатты жиында Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары Илияс Тұрнияз құттықтау сөз сөйлеп, еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында қызмет ететін жас сарбаздарға жүрекжарды тілегін арнады. Сондай-ақ, әкім орынбасары аттанғалы тұрған жігіттерге естелік сыйлықтар тарту етіп, сәт-сапар тіледі.
Шараның патриоттық рухын арттыра түскен – мәдениет үйі қызметкерлерінің арнайы дайындаған концерттік бағдарламасы болды. Өнерпаздардың орындауындағы әндер жиналған қауымға ерекше әсер қалдырды.
Бұл – елге адал қызмет етуге бет алған жастарға құрмет көрсетудің, олардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттырудың жарқын көрінісі болды.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі