ШАЛҒАЙ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ЖОЛДАРЫ ЖӨНДЕЛІП, БАЛАЛАР АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ШАЛҒАЙ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ЖОЛДАРЫ ЖӨНДЕЛІП, БАЛАЛАР АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
✔️Қараспан мен Қалаш ауылдарын жалғайтын аудандық маңызы бар жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ұзындығы 9 шақырым болатын жол құрылысын “ДОС GROUP” ЖШС жүзеге асыруда. Жоба 2024 жылы басталып, 2025 жылы толық аяқталады. Жоспар бойынша жол биыл, мамыр айында пайдалануға беріледі.
✔️Сонымен қатар, “Темірқазық” ЖШС Қалаш ауылына балалар ойын алаңшасын орнатып, тұрғындардың игілігіне берді.
✔️Аталған жұмыстар ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға және балалардың қауіпсіз әрі қызықты ортада ойнауына мүмкіндік жасауға бағытталған.
Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі