Бүгін аудандық орталық ауруханада медицина ғылымдарының кандидаты М.О.Пашимовтің жетекшілігімен ”Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты” АҚ –ның білікті мамандары консультациялық қабылдау өткізуде. Кардиолог, кардиохирург, гепатолог, нефролог,аритмолог және жүректі ультрадыбыстық зерттеу бейінді мамандарынан құрылған жұмыс тобының бұл жұмыстары ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету мақсатында жүргізіліп жатыр. Қабылдау 9:00-ден басталып, қазіргі сағатта жалғасын тауып жатыр. Консультацияға сандаған науқастар тіркеліп, қаралуда.