Бүгін аудан әкімі аппаратының басшысы Жұманалы Кадиев ауыл округ әкімдерімен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын мекемесіне барудан тартыну және әріптестерге өзінің діни нанымдарын таңбауға, қол астындағы қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелерін түсіндіру бойынша жиналыс өткізді.