
Келесі кезекте аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Арман Искаков сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тәуекелдерінің алдын алу мәселелерін мәлімдеді. Бөлім басшысы осы мәселе бойынша жыл басынан бері екі рет жиын өткізілгенін айтты. Аудан мекемелеріндегі мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік сатып алу туралы заңнамадағы өзгерістер мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша облыс әкімдігінің тапсырмасына сәйкес арнайы өткізілетін онлайн семинарларға қатысып отыратынын атап өтті.