⚜️ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ЖҰМЫС ОРНЫНА ҰЛТТЫҚ КИІММЕН КЕЛДІ

⚜️ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ЖҰМЫС ОРНЫНА ҰЛТТЫҚ КИІММЕН КЕЛДІ
⚜️ Наурызнаманың онкүндігі аясында 18 наурыз - Ұлттық киім күніне орай, Ордабасы ауданының мемлекеттік қызметшілері жұмыс орнына ұлттық киім киіп келді.
⚜️ Аудан әкімі Азат Оралбаев облыс көлемінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатындағы бұл бастамаға қолдау білдірді. Қазіргі уақытта аудан әкімі аппараты мен бөлімдер, мекемелер сондай-ақ ауылдық округтер мен ауыл округ әкімдері және сала мамандары ұлттық киімдерді киіп, мемлекеттік қызметшілердің болмысын ерекшелеуде.
⚜️ Қазақтың ұлттық киімі – бұл халықтың мәдениеті мен тарихы, оның дәстүрі мен өмір салты. Ол ұлттың жарқын бейнесі ретінде өткеннің мәдени-рухани мұрасын сақтауға көмектеседі.
Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі