ОРДАБАСЫДА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ АҒАШ КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

ОРДАБАСЫДА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ АҒАШ КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
ОРДАБАСЫДА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ АҒАШ КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
 
Ордабасы ауданында “Таза Қазақстан” акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті. Шараға аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, аудандық мәслихаттың депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, сондай-ақ бөлімдердің және коммуналдық мекемелердің қызметкерлері, жастар және аулан тұрғындары, белсенді азаматтар қатысып, арнайы белгіленген аумақтарда тазалау және көшет отырғызу жұмыстарын жүргізді.
Сенбіліктің мақсаты - халықты игілікті іске шақыру, қоршаған ортаны таза ұстау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Айта кету керек, акция аясында 3000-ға жуық ағаш отырғызылды. Одан бөлек, ағаштар әктеліп, жол жиектері қоқыстан тазартылды. Жол бойындағы нысандардың қабырғалары сырланды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі