Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түнгі рейдтік шаралар жалғасуда

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түнгі рейдтік шаралар жалғасуда
Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түнгі рейдтік шаралар жалғасуда
 
Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтардың алдын алу, беймезгіл уақытта ата-ана бақылауынсыз үй-жайынан тыс жерлерде компьютерлік ойынханалар мен мейрамханада болуларына тыйым салу,
кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерге темекі бұйымдары мен спирттік ішімдік сататын кәсіпкерлік нысандарға тосқауыл қою мақсатында кезекті түнгі рейдік жұмыстар жалғасуда.
Шара барысында заң талаптары мен құқықбұзушылық профилактикасы жүргізіліп, 12 ата-анаға ескерту шарасы берілді.
Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың түнгі мезгілде ойын-сауық мекемелерінде болуы 442 баптың 1 бөлігінде қаралып, ата-анасына 3 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Ал, ойынхана иесіне кәмелетке толмағандарды кіргізгені үшін 132 бап 1 бөлігімен 10 АЕК-тен 120 АЕК-ге дейін айыппұл қарастырылған.
Құрметті ата-ана! Өз балаңыздың өміріне өзіңіз жауапты екеніңізді ұмытпаңыз! Сондықтан әрбір ата-ананың назарына кәмелет жасына жетпеген балаларын қараусыз қалдырмауды, бала тәрбиесімен тұрақты айналысу қажет екендігін ескертеміз!
Жасөспірімдер арасында болатын құқықбұзушылықтар мен кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты қылмыстың алдын алуға және болдырмауға, олардың қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шара аудан көлемінде күнделікті жалғасатынын хабарлаймыз!