Қадірлі қазыналы қариялар!

Қадірлі қазыналы қариялар!

Ардақты ардагерлер, ақ жаулықты аналар!
Сіздерді Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Біз «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» – деп, ақсақалын ардақ тұтқан, қарияларын қадірлеген және даналық дәрістерін көңілге тоқудан жалықпайтын халықпыз. Яғни, ұрпақтар сабақтастығының ұлы көшін жарасыммен жалғап келе жатқан ұлтпыз.
Елді бірлік пен татулыққа бастайтын қарттарымыздың игі қасиеттерінен үлгі алудамыз және өмірлік бай тәжірибелері елдің еңсесін тіктеп, ауданымызды өркендеуіне мол пайдасы тиюде. Өмір көрген ардақтыларымыздың ақылын алсақ жаман болмаймыз. Керісінше, тәлім-тағылымдарын өнегеге айналдыруымыз керек. Өнеге жақсы болса, өріс кеңейеді.
Ауданымыздың жан-жақты дамуында әрқайсыларыңыздың ерен еңбектеріңіз жатыр. Ол ел-жұрттың жадында. Бүгінгі жарқын жетістіктеріміз сіздердің тыным таппай атқарған жұмыстарыңыздың жемісі.
Сіздердің ел болашағы үшін атқарған бар игі істеріңізге алғыстан басқа айтарымыз жоқ.
Ақыл-кеңестің, үлгі-өнегенің сарқылмас кенішіндей болған қазыналы қариялар күш-қуаттарыңыз сарқылмасын, ел дамуы жолындағы берекелі бейнеттің зейнетін көріп, ұзақ жасаңыздар!
Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ-береке тілеймін!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Ізгі ниетпен,
Ордабасы ауданының әкімі
Нұрбек Бадырақов