ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАБЫ ОРЫНДАЛУЫ КЕРЕК

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАБЫ ОРЫНДАЛУЫ КЕРЕК

Бүгін Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақов Бадам ауылдық округінде орналасқан бірқатар қыш зауыттарын аралап, солардың біреуінде өндіріс орындарының иелерімен, өкілдерімен кездесу өткізді.
Аудан басшысы қатысқан кездесуге кейбір қыш зауыттарының экологияға кері әсерін тигізіп жатқандығын, оларға қандай да бір шара көру керектігін айтып, көтеріп жүрген жақын маңдағы ауылдардың тұрғындары, қоғам белсенділері арнайы шақыртылды.
- Қазір осындағы кейбір қыш зауыттарының жұмысына жақын маңдағы ауыл тұрғындарының көңілі толмайды. Өйткені зауыттардан шығатын қара түтін денсаулықтарына, қала берді экологияға кері әсерін тигізуде. Жаңа ғана бір зауытты аралап, орнатылған фильтрін көрдіңіздер. Кәсіпкер өз қаражатына жасатқан. Көп те қаржы жұмсамаған. Неге Сіздерге солай жасатпасқа? “Ертең-ертеңмен” созбалаңға салып келесіздер. Бізге халықтың денсаулығы қымбат. Экологиямыздың таза болуы маңызды. Заң бар. Талаптар белгілі. Соған сәйкес жұмыс жасауларыңыз керек, - деген аудан әкімі зауыт өкілдеріне келесі жылдың наурыз-сәуір айларына дейін фильтр орнату керектігін айтты. Сондай-ақ бей-берекет, көрінген жерден топырақ алуды тоқтату керектігін, бұл мәселеде тұрақты түрде мониторинг жүргізуді қатаң ескертті.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі