ЫНТЫМАҚ - БҰЗЫЛМАЙТЫН ҚОРҒАН

ЫНТЫМАҚ - БҰЗЫЛМАЙТЫН ҚОРҒАН

Бүгін Ордабасы ауданының орталығындағы мәдениет үйінде “Amanat» партиясының Ордабасы аудандық филиалының кезектен тыс 48-ші конференциясы болып өтті.
Жиында “Amanat” париясының саяси тұғырнамасы талқыланды, ”Amanat” партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс 46-шы конференциясына делегаттар сайланды және аудандық партия филиалы саяси кеңес құрамына ішінара өзгерістер енгізілді.
Сондай-ақ жарыссөзге шыққан бірқатар азаматтар Президентіміздің “Жаңа Қазақстанды” құрудағы бастамалары, 1-ші қыркүйектегі Жолдауда айтылған бағыттар мен міндеттер бойынша өз ойларын ортаға салды.
Өз кезегінде сөз алған аудан әкімі Нұрбек Бадырақов соңғы Жолдауда Президент айқыдаған міндеттерді, тапсырмаларды жүзеге асыруда көпшілік болып атсалысуға шақырды. Елімізде жүргізіліп жатқан саяси, әлеуметтік реформалардың халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталғанын жеткізді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі