Ordabasy: Жасыл желек жанға дауа
Ауданда көгалдандыру мақсатында аудан әкімі Бағлан Батыршаевтың тапсырмасымен ауылдарда тазалық айы жарияланып, көше, аулаларды, арық-атыздарды қоқыстан арылту, көктемгі көріктендіру науқаны басталған болатын.
Қазіргі таңда ауданымызға қарасты барлық ауылдық округтер ағаш отырғызып, гүл егу арқылы туған жерді түлету жолында көріктендіру, көгалдандыру ісі қарқынды қолға алынуда.
Биыл жоспарға сәйкес ауданға қарасты елді мекендерде 10 мыңға тарта ағаш егілген.
Бадам 3000 түп ағаш (2500 қара тал, 300 сары өрік, 200 шырша мен арша), Қараспан 400 түп қаратал ағаш, Шұбар 900 түп (250 қара ағаш, 300 қара өрік, 300 шие, 150 шыршы және сәндік тал), Қарақұм 1500 түп қарағаш, Шұбарсу 1100 түп (700 қара ағаш, 400 шие), Бөржар 1100 қара ағаш, Төрткүл 1310 түп (қаратал 1060, жеміс тал 150, шырша 100) отырғызылды.
Бұдан бөлек күз айында 2200 түп қаратал көшеттері егілген болатын.
Жасылдандыру, тал егу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Ендеше, айналамыздың көркі болған жасыл желек тал-дарақтарымызды байлығымыз деп танып, оны қорғап, әр жылдың көктемінде ағаш отырғызуды әдетке айналдырайық.
Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі