6 ЕЛДІ МЕКЕНДЕ АУЫЗСУ ЖҮЙЕСІ ҚАЙТА ҚҰРЫЛУДА

6 ЕЛДІ МЕКЕНДЕ АУЫЗСУ ЖҮЙЕСІ ҚАЙТА ҚҰРЫЛУДА

Ордабасы ауданында тұрғындарды сапалы ауызсумен қамту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Қазіргі таңда аудан көлеміндегі 6 елді мекенде ауызсу жүйелерін қайта құру жұмыстары жүргізілуде.
Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев Бөген ауылдық округіне барып, елді мекендегі ауызсумен қамту жүйесін қайта құру жұмыстарының барысымен танысты.
Нысанда қазіргі таңда аумақты қоршау, жаңа құрылғыларды орнату және инженерлік жүйелерді жаңарту жұмыстары атқарылуда.
Аудан басшысы нысандағы жұмыс барысын қарап, жауапты мамандарға құрылыс жұмыстарының қарқынын жеделдетіп, белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтауды тапсырды.
Ауызсу инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары елді мекен тұрғындарын тұрақты және сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге бағытталған.