
✔️Ордабасы ауданының орталығы – Темірлан елді мекенінің тазалығы мен көркейтілуі аудан әкімдігінің тұрақты назарында. Осыған орай бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев Темірлан аумағын аралап, абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты.
✔️Аралау барысына орталық саябақ, «Черемушка» тұрғын үйлері орналасқан аумақтар, көшелер мен жол жиектері қамтылды.
✔️Орталық саябақта тазалық, көгалдандыру, ағаштардың күтімі және тұрғындарға жасалған жағдай қаралды. Бұдан бөлек, тұрғын үйлер маңындағы аумақтардың санитарлық жағдайы мен көше бойларының тазалығы назарға алынды.
✔️Анықталған кемшіліктерді жою бойынша жауапты мамандарға тапсырма берілді. Қураған және ретсіз өскен ағаштарды ретке келтіру, көше мен жол жиектерін тазалау, қоғамдық орындарды абаттандыру және тұрғын үйлер маңындағы аумақтарды күтіп ұстау тапсырылды.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі