ЗАҢСЫЗ ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ЗАҢСЫЗ ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ


📌Ордабасы ауданында заңсыз жолаушылар тасымалының алдын алу, көлік саласындағы заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында Темірлан ауылында кезекті профилактикалық іс-шара өтті.
📌Іс-шара аудан әкімінің орынбасары Олжас Болатханұлының бастамасымен ұйымдастырылды. Оған Қажымұқан ауыл округінің әкімі, Ордабасы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мен аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары қатысты.
📌Аралау барысында Темірлан–Шымкент бағыты бойынша жолаушылар тасымалдайтын такси жүргізушілерімен кездесулер ұйымдастырылып, жолаушылар тасымалын қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырудың маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар такси қызметін заңдастыру, қажетті рұқсат құжаттарын рәсімдеу, салық заңнамасының талаптарын сақтау, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заңсыз кәсіпкерлік қызмет үшін көзделген жауапкершілік мәселелері бойынша жан-жақты ақпарат берілді.
📌Сондай-ақ Темірлан ауылындағы такси қызметі көрсетілетін орындар мен жолаушылар көп шоғырланатын нүктелерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жүргізушілерге заң талаптарын сақтай отырып қызмет көрсету қажеттігі ескертілді.
📌Іс-шараның негізгі мақсаты – заңсыз жолаушылар тасымалының алдын алу, көлеңкелі кәсіпкерліктің жолын кесу, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заң талаптарына сәйкес қызмет көрсететін тасымалдаушылардың үлесін арттыру.
📌Ордабасы ауданында бұл бағыттағы профилактикалық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты негізде жалғасатын болады.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі