
🔱 Қажымұқан атындағы облыстық спорт музейі жаңа ғимаратқа қоныстануы және 50 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Жаңа қоныс – жарты ғасыр» атты музей қорына сый қабылдау салтанаты өтті.
🔱 Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен музей жанашырлары қатысты. Қонақтар музейдің жаңартылған экспозицияларымен танысып, өңір спортының тарихын айшықтайтын құнды жәдігерлерді тамашалады.
🔱 Салтанатты жиын барысында Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақстан Суретшілер одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, белгілі суретші Нұрлан Шилібайұлы Шилібаев Қажымұқан Мұңайтпасұлының бейнесі салынған авторлық картинасын музей қорына табыстады.
🔱 Сонымен қатар, Ордабасы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімінің атынан Қажымұқан Мұңайтпасұлының 155 жылдығына арналған спорттық белбеу мен мерейтойлық медаль музей қорына тапсырылды. Аталған жәдігерлер өңірдің спорт тарихын толықтыратын құнды мұра ретінде музей экспозициясына енгізілді.
🔱 Шара барысында ұлттық руханиятты дамытудағы өнердің маңызы, Қажымұқан мұрасын дәріптеу және тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау мәселелері кеңінен сөз болды.
🔱 Музей басшылығы қорды толықтыруға үлес қосқан азаматтарға алғыс білдіріп, мұндай игі бастамалар ұлттық мұраны сақтап, келер ұрпаққа насихаттауда ерекше маңызға ие екенін атап өтті.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі