
✔️Аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, бюджет кірістерін ұлғайту, коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және өзге де өзекті мәселелердің орындалу барысы қаралды. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл округтерінің әкімдері, бөлім және мекеме басшылары қатысты.
✔️Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Алтынай Сихымбаева бюджет қаражатының игерілуі мен индикаторлық көрсеткіштердің орындалу барысы туралы баяндама жасады.
✔️Келесі мәселе бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Арман Искаков баяндама жасады. Баяндама барысында Қажымұқан ауылындағы, Бөріжар және Төрткүл елді мекендеріндегі көше жарықтандыру жүйелері мен балалар ойын алаңдарының қазіргі жай-күйіне тоқталып, бірқатар нысандардың тозуына байланысты оларды жөндеу және жаңғырту бағытында атқарылатын жұмыстар жөнінде мәлімет берді.
✔️Кезекті мәселе бойынша ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы Маратбек Туреев облыс әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндама жасап, орындалмаған тапсырмалар мен бақылаудағы мәселелерге тоқталды.
✔️ Мәжілісте бұдан бөлек, аудан аумағын абаттандыру және көркейту жұмыстары, балалар ойын алаңдарының жағдайы, автобус аялдамаларының талапқа сәйкестігі, кәсіпкерлік нысандарының сыртқы безендірілуі мен жарнамалық маңдайшаларын ретке келтіру, сондай-ақ елді мекендердің санитарлық тазалығы мен сәулеттік келбетін жақсарту бағытындағы жұмыстар жан-жақты талқыланды.
✔️ Жиын барысында аудан әкімі Азат Оралбаев күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға жан-жақты талдау жасап, жауапты бөлім басшылары мен ауыл округі әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді. Әсіресе, бюджет кірістерін ұлғайту, коммуналдық және инфрақұрылымдық жобалардың сапалы орындалуын қамтамасыз ету, санитарлық тазалықты сақтау, облыс әкімінің хаттамалық тапсырмаларын уақытылы орындау, қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайту және тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарына жедел ден қою қажеттігін атап өтті.
✔️ Мәжіліс қорытындысында күн тәртібінде қаралған барлық мәселелер бойынша нақты міндеттер айқындалып, олардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстау тапсырылды.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі