
🌿 Табиғатқа жанашырлық – туған жерге деген құрметтің айқын көрінісі.
Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Ордабасы аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Шұбар ауыл округінде «Таза ауыл» ECO YOUTH DAY экологиялық плоггинг жарысы өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін арттыру, туған өлкенің тазалығын сақтауға үндеу және салауатты өмір салтын дәріптеу.
Экологиялық бастамаға аудан әкімінің орынбасары Илияс Тұрнияз қатысып, шараның маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Тазалық акциясына ауданның белсенді жастары, ауылдық округ әкімдігі, еріктілер, жастар ұйымдарының мүшелері мен ауыл тұрғындары жұмыла қатысты. Қатысушылар белгіленген аумақтарды тұрмыстық қалдықтардан тазартып, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін насихаттауға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жиналған қалдықтар арнайы орындарға шығарылды.
Плоггинг жарысы барысында командалардың ұйымшылдығы, белсенділігі, тазаланған аумақтың көлемі мен жиналған қалдықтардың мөлшері қазылар алқасының бағалауынан өтті.
🏆 Жарыс қорытындысы бойынша:
🥇 І орын – «Табиғат сақшылары» командасы;
🥈 ІІ орын – «Жасыл Қазақстан» командасы;
🥉 ІІІ орын – «Шұбар жастары» командасы.
Сонымен қатар, «Жасыл Әлем» және «Сұңқар» командалары белсенді қатысқаны үшін арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Шара соңында жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға арнайы марапаттар табысталып, олардың қоршаған ортаны қорғау жолындағы еңбегі жоғары бағаланды.
🌱 «Таза ауыл» – бұл бір күндік акция емес, туған жердің тазалығына деген ортақ жауапкершіліктің жарқын үлгісі.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі