ТҮНГІ РЕЙД – ЖАСӨСПІРІМ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ КЕПІЛІ

ТҮНГІ РЕЙД – ЖАСӨСПІРІМ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ КЕПІЛІ


🔹Ордабасы ауданында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен түнгі рейдтік іс-шаралар өткізілді.
🔹Рейд барысында көшелер, ойын-сауық орындары, компьютерлік ойын клубтары, қоғамдық тамақтану орындары және жастар көп шоғырланатын аумақтар тексерілді. Заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта жүрген жасөспірімдер анықталып, олармен және ата-аналарымен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ кәсіпкерлік нысан иелеріне кәмелетке толмағандарға темекі өнімдері мен алкогольдік ішімдіктерді сатуға жол бермеу жөнінде заң талаптары түсіндірілді.
🔹 Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабына сәйкес, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз ойын-сауық орындарында сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін, ал тұрғын үйден тыс жерде сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін жүруіне жол берген ата-аналар немесе заңды өкілдер әкімшілік жауаптылыққа тартылады. Құқық бұзушылық алғаш рет жасалған жағдайда ескерту беріледі, ал бір жыл ішінде қайталанса 7 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынады.
🔹Осыған байланысты ата-аналарды балаларының түнгі уақытта қараусыз көшеде жүрмеуін қадағалап, олардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.
🔹Жасөспірімдердің қауіпсіздігі – қоғамның ортақ міндеті. Осы бағыттағы профилактикалық жұмыстар Ордабасы ауданында алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.