
✔️Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің бекітілген кестесіне сәйкес, 2026 жылғы 14 мамыр мен 26 маусым аралығында Ордабасы ауданы әкімдігіне қарасты бөлімдерде, аудан әкімдігінің дербес бөлімдерінде және ауылдық округ әкімдері аппараттарында ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.
✔️Жүргізілген ішкі талдау жұмыстарының қорытындыларын талқылау мақсатында аудан әкімінің аппарат басшысы Жуманалы Кадиевтің төрағалығымен жиын өткізілді.
✔️Жиын барысында мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнама талаптарының сақталуы, анықталған тәуекелдер мен оларды жою жолдары қаралды. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мәселелері талқыланды.
✔️Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жиынға қатысушылар өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, тиісті ұсынымдар берді.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі