
Ауданнан жазғы сауықтыруға жіберілген 300 оқушы бүгінде Төлеби ауданындағы Керегетас ауылында орналасқан «Тау гүлі» сауықтыру лагерінде уақыттарын мазмұнды әрі қызықты өткізуде.
Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында лагерьде спорттық жарыстар, ұлттық ойындар, танымдық кездесулер, шығармашылық байқаулар мен мәдени-көпшілік іс-шаралар тұрақты өткізіліп келеді.
Балалар түрлі сайыстар мен командалық ойындарға белсенді қатысып, өзара достық қарым-қатынастарын нығайтып, жаңа ортада ерекше әсерге бөленуде. Табиғат аясындағы шаралар олардың сергек демалып, денсаулықтарын нығайтуына оң ықпал етуде.
Сонымен қатар, демалушылар үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Балалар белгіленген кестеге сәйкес сапалы әрі құнарлы тамақпен қамтамасыз етілуде. Күнделікті ас мәзірі жас ерекшеліктеріне сай әзірленген.
Жайлы орта мен мазмұнды бағдарламалар оқушылардың уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беріп, жазғы демалыстарын жарқын әсерлерге толтыруда.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі