ОРДАБАСЫДА «АЙҚЫН НӘТИЖЕ» ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ОРДАБАСЫДА «АЙҚЫН НӘТИЖЕ» ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ


🔹Ордабасы ауданында қоғамдық тәртіпті нығайту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.
🔹Осы мақсатта ауданға қарасты Шұбарсу ауылдық округінде «Айқын нәтиже» пилоттық жобасын іске асыру аясында тұрғындармен кездесу ұйымдастырылды.
🔹Ордабасы ауданы әкімдігі мен аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен өткен жиынға аудан әкімі Азат Оралбаев, аудан прокуроры Жасұлан Қонарбаев, аудандық полиция бөлімінің бастығы Нүркен Сарыпбеков, мемлекеттік органдардың қызметкерлері және ауыл тұрғындары қатысты.
🔹Кездесу барысында алғашқы болып аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ғани Нұрымбетов баяндама жасап, салық заңнамасының талаптары, кәсіпкерлік қызметті заңдастыру және көлеңкелі экономикамен күрес мәселелеріне тоқталды.
🔹Одан кейін Шұбарсу кенті полиция бөлімшесінің басшысы Ерлан Сырбаев қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық тәртіпті сақтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
🔹Сондай-ақ, Шұбарсу ауылдық округінің әкімі Ануар Тұрсынбаев ауыл аумағында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер жөнінде хабарлама жасап, тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелерге тоқталды.
🔹Жиынның негізгі мақсаты – ауылдағы заңсыз кәсіпкерлік қызметтің алдын алу, құқық бұзушылықтарды азайту, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және мемлекеттік органдар мен халық арасындағы байланысты нығайту.
🔹Кездесу соңында тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктелді.
🔹Ауылдағы қоғамдық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты бақылауда болып, жүйелі түрде жалғасатын болады.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі