
🔱 Қазақ халқының даңқты перзенті, алып күш иесі, әлемге әйгілі балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 155 жыл толуына орай Ордабасы ауданында ересектер арасында қазақ күресінен республикалық турнир жоғары деңгейде өтті.
🔱 Үш күнге созылған байрақты бәсекеге еліміздің түкпір-түкпірінен келген 200-ге жуық балуан қатысып, боз кілемде өзара мықтыны анықтады.
🔱 Жарыс барысында әр түрлі салмақтағы үздік балуандар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы марапаттарға ие болды.
🔱 Жарыс қорытындысы бойынша 55 келі салмақта шымкенттік Мұзарап Мереке, 60 келіде жетісулық Төлепов Бекжан, 66 келіде түркістандық Оспан Дауылбай, 74 келіде Балтабай Ералхан, 82 келіде Кәрім Асылжан, 90 келіде шымкенттік Тұрсынбек Ақылжан, 100 келіде Жаманқараев Фарух және +100 келі салмақта Әбдімәлік Мейіржан чемпион атанды.
🔱Қажымұқан Мұңайтпасұлының 155 жылдығына арналған республикалық турнир ұлттық спорттың мәртебесін арттырып, қазақ күресінің дамуына серпін берген тағылымды шара ретінде есте қалды.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі