ОРДАБАСЫДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ОРДАБАСЫДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

📌Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев инвестиция тарту, өндірісті дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстарды күшейту жөнінде нақты міндеттер жүктеген. Осыған сәйкес Ордабасы ауданында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.
📌Осы орайда бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев Қытай елінен келген инвестормен кездесу өткізді.
📌Кездесу барысында аудан аумағында жоба құны 700 миллион теңгені құрайтын, 2 гектар аумаққа тамшылатып суару жүйесіне арналған құрал-жабдықтар өндіретін зауыт салу жобасы талқыланды. Сонымен қатар, жүгеріні терең өңдеу зауытын салу бойынша инвестициялық жоба ұсынылды.
📌Аудан басшысы Ордабасы ауданы ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі екенін атап өтті. Бүгінде су ресурстарын тиімді пайдалану – уақыт талабы. Осыған байланысты тамшылатып суару жүйесіне арналған құрал-жабдықтарға сұраныс артып отырғанын жеткізді. Аталған жоба ауыл шаруашылығы саласының тиімділігін арттырып, диқандар үшін аса қажетті өндірістердің біріне айналатыны айтылды.
📌Сондай-ақ, аудан әкімі жобаларды жүзеге асыру барысында инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелері толық назарда болатынын және өндіріс орындарын іске қосуға қолайлы жағдай жасалатынын жеткізді.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызмет