
Аудан әкімі Азат Оралбаевтың Төрткүл ауылдық округі тұрғындарымен өткен есеп беру кездесуінде елді мекен тұрғындары тарапынан көтерілген ұсыныс-пікірлер кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Атап айтқанда, Төрткүл ауылдық округіне қарасты Елшібек батыр ауылына баратын аудандық маңыздағы автомобиль жолына асфальт төсеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінде жолдың бірінші қабаты толық төселіп, қазіргі таңда екінші қабатын төсеуге дайындық жұмыстары атқарылуда.
Ордабасы ауданы баспасөз қызметі