АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР КЕҢІНЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ

АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР КЕҢІНЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ

✔️Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті.

✔️Мәжіліс барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралды.

✔️Алдымен индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы және бюджет қаржысының игерілу барысы талқыланды. Бұл бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Алтынай Сихымбаева баяндама жасап, бюджет кіріс бөлігінің орындалуы, орындалмаған салық түрлері, әлеуметтік салық түсімдері, кіріс көздерінің өсімін қамтамасыз ету шаралары, ауыл округтері бойынша қалыптасқан берешек қарыздар, сондай-ақ негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалу деңгейі туралы жан-жақты ақпарат берді.

✔️Келесі кезекте Шұбарсу ауыл округінде 2026 жылы атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлардың орындалу барысы қаралды. Ауыл округінің әкімі инфрақұрылым, абаттандыру, әлеуметтік нысандар мен елді мекеннің даму бағыттары бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.

✔️Сонымен қатар, Отбасының цифрлық картасындағы «Д» және «Е» санатындағы отбасылар тізімін өзектендіру және олардың санын азайту бағытындағы жұмыстар пысықталды. Бұл бағытта жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берілді.

✔️Бұдан бөлек, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының орындалуы, шомылу маусымына дайындық, көктемгі әскери шақыру науқаны, шегірткеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары және қоғамдық-саяси ахуал мәселелері қаралды.

✔️Мәжіліс қорытындысында аудан басшысы хаттамадағы тапсырмалардың орындалуын қатаң бақылауға алуды, сондай-ақ жауапты бөлім басшылары мен ауыл округі әкімдеріне жүктелген міндеттердің мерзімінде әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі