АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтіп, күн тәртібіндегі бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары, бөлім басшылары, ауыл округі әкімдері және тиісті сала жетекшілері қатысты.
Күн тәртібінде бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Алдымен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті көрсету барысы, зейнетақы жарналарының уақытылы аударылуы және «Еңбек» шарттарының тіркелуі мәселелері талқыланды. Аталған бағыттар бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ардақ Талдыбаев пен «Мансап» орталығының сектор меңгерушісі Марат Исхаков баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Қорытындысында жауапты мекемелерге жұмысты жүйелеу және бақылауды күшейту тапсырылды.
Сонымен қатар ауыл округтерінде атқарылып жатқан жұмыстар мен 2026 жылға арналған жоспарлардың орындалу барысы қаралды. Бұл жөнінде Бадам ауыл округінің әкімі Нұрлан Байбахов есеп беріп, алдағы міндеттерді нақтылады.
Келесі кезекте отбасын қолдау орталығының қызметі қаралып, орталық директоры Асылбай Ыдырысов атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Аудан басшысы әлеуметтік тұрғыдан осал топтармен жүргізілетін жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті.
Бұдан бөлек, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының орындалуы, шомылу маусымына дайындық, көктемгі әскери шақыру науқаны және шегірткеге қарсы залалсыздандыру шараларының барысы қаралды. Сондай-ақ қоғамдық-саяси ахуал мәселелері пысықталды.
Жиын соңында аудан әкімі жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын хаттамаға енгізуді және тұрақты бақылауда ұстауды міндеттеді.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі