ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ҚАРҚЫНЫ ЖОҒАРЫ

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ҚАРҚЫНЫ ЖОҒАРЫ


✔️Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек ауданға арнайы жұмыс сапарымен келіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалардың барысымен танысты.
Жұмыс сапары барысында облыс әкімінің орынбасары бірқатар өндірістік нысандарды аралап, олардың іске асырылу деңгейін зерделеді.
✔️Атап айтқанда, «Central Asia Aluminum Company» ЖШС-нің алюминий профильдерін өндіру зауытының жұмысымен танысты. Бұл жоба құрылыс саласына қажетті алюминий өнімдерін шығарып, ішкі нарықты сапалы өніммен қамтуға бағытталған.
Сондай-ақ, «HUATING BIOTECHNOLOGY Co., LTD» компаниясының ірі қара мал сүйегін өңдеу жобасының құрылыс барысы қаралды. Жоба толық іске қосылған жағдайда қалдықсыз өндіріс қағидатына негізделіп, мал сүйегінен түрлі биологиялық өнімдер өндіру жоспарлануда.
Бұдан бөлек, «KAZ KIOTI» ЖШС-нің ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру зауыты таныстырылды. Кәсіпорында тракторлар құрастырылып қана қоймай, су үнемдеу технологиялары – жаңбырлатып суару қондырғылары өндірілуде. Сонымен қатар, жоғары қысымды температурада шыны өңдеу және ауыл шаруашылығы мен құрылыс саласына қажетті өзге де өнімдер шығаратын цехтар жұмыс істейді.
✔️Темірлан өндірістік паркінде де құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп, бірқатар инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда:
– күн панельдеріне арналған бөлшектер өндіру («ASIA ENERGY Co» ЖШС);
– шыны өнімдерін шығару («FAÇADE COMPANY» ЖШС);
– кір жуғыш ұнтақ өндіру («ALMEN GROUP» ЖШС);
– металл бұйымдарын шығару («Қарабатыр Агро» ЖШС);
– газобетон блоктары мен ішкі қабырға плиталарын өндіру («Югстройтехнология» ЖШС);
– сендвич панель (PIR) шығару («Alem Euro PIR» ЖШС);
– металл конструкциялар өндірісі («Steel Frame» ЖШС);
– корпус жиһаздарын өндіру («Bolashak-bal» ЖШС).
✔️Сонымен қатар, кәсіпкерлік бағытта жол бойы сервистік қызмет көрсету нысандары мен қоғамдық тамақтану орындары ашылуда. Атап айтқанда, жеке кәсіпкер «Смайыл» тарапынан кафе, автосервис және тұрақ аймағы бар кешен, «M Trade–19» ЖШС-нің жол бойы сервис нысаны, сондай-ақ жеке кәсіпкер Ә. Әлімбековтің мейрамханасы мен «Темірші» демалыс аймағы жүзеге асырылуда.
✔️Облыс әкімінің орынбасары аталған жобалардың өңір экономикасын дамытудағы маңызы зор екенін атап өтіп, олардың уақытылы әрі сапалы іске асырылуын бақылауда ұстауды тапсырды.
Айта кетейік, Ордабасы ауданында жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар жаңа жұмыс орындарын ашуға, өндіріс көлемін арттыруға және ауданның әлеуметтік-экономикалық әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі