ЕЛШІБЕК БАТЫР АУЫЛЫНА ЖОЛ ЖӨНДЕЛУДЕ

ЕЛШІБЕК БАТЫР АУЫЛЫНА ЖОЛ ЖӨНДЕЛУДЕ

Аудан әкімі Азат Оралбаевтың тұрғындармен кездесуі барысында Төрткүл ауылдық округіне қарасты Елшібек батыр елді мекеніндегі жолды жөндеу мәселесі көтерілген болатын.

Аталған мәселеге байланысты аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес тиісті жұмыстар ұйымдастырылды. Нәтижесінде облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, ұзындығы 2,9 шақырымды құрайтын автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары басталды.
Қазіргі таңда аудан басшысы жол құрылысының барысымен танысып, мердігер мекемеге жұмысты сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Сонымен қатар, жол сапасын қатаң бақылауда ұстап, жұмысты жүйелі ұйымдастыру аудан әкімінің орынбасары мен тиісті бөлім басшысына жүктелді.

Айта кетейік, бұған дейін аталған елді мекенде жаңа мектеп құрылысы аяқталып, пайдалануға беру жоспарланған. Енді ауылға кіреберіс жолдың жөнделуі тұрғындар үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі