
Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды мәселелер қаралды.
Жиында индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы мен бюджет қаржысының игерілуі талқыланып, қаржыны тиімді пайдалану қажеттігі атап өтілді. Сонымен қатар, 2025 жылғы халықпен кездесулерде көтерілген мәселелердің орындалу барысы сараланды.
Мәжілісте отбасылардың цифрлық картасындағы «Д» және «Е» санатындағы отбасылармен жұмыс, олардың санын азайту шаралары да сөз болды. Бұдан бөлек, «Таза Қазақстан» акциясы, қоғамдық-саяси ахуал, көктемгі әскерге шақыру, дала жұмыстары, шегірткеге қарсы өңдеу және елді мекендердің санитарлық тазалығы мәселелері қаралды.
Жиын қорытындысында жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы бақылауда болатыны айтылды.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі