«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДА АУҚЫМДЫ ЭКОАКЦИЯ ӨТТІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДА АУҚЫМДЫ ЭКОАКЦИЯ ӨТТІ

♻️Аудан орталығының экологиялық ахуалын жақсарту, жасыл желек көлемін арттыру және тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін күшейту мақсатында ауқымды тазалық шарасы ұйымдастырылды.

♻️Іс-шара Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы «Таза аула» апталығы шеңберінде өтті. Экологиялық акция Темірлан ауылындағы Самал мөлтек ауданында өтіп, онда 300-ден астам адам қатысты. Қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бірдей атсалысып, өз үлестерін қосты.
♻️Игі бастамаға аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, құқық қорғау органдарының басшылары, денсаулық сақтау саласының өкілдері, жастар, спорт бөлімінің қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, ауыл тұрғындары, коммуналдық сала жұмысшылары мен қоғамдық ұйым өкілдері белсене қатысты.

♻️ Экологиялық акция нәтижесінде Темірланның кіреберіс мөлтек ауданы жасыл белдеуге толықты. Онда Қырым қарағайы, павлония, багрянник, қызғалдақ ағашы және түрлі жеміс ағаштары егіліп, барлығын қосқанда 1200 түп ағаш отырғызылды. Тазалық жұмыстарына 7 техника жұмылдырылып, жалпы көлемі 16 тонна қоқыс шығарылды.

Болашақта бұл аумақ тұрғындар үшін жайлы демалыс аймағына айналады деп күтілуде.

Ағаш егу, тазалықты сақтау – туған жерге қосқан үлес.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі